«АТЫРАУ РАУАН»
ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫ

“Атырау Рауан” қоғамдық қоры 2014 жылы өзінің іргетасын қалады. Осы жылдар аралығында қор бүгінге дейін әлеуметтік мәні бар жобалармен қатар гуманитарлық бағытта және қоғам игілігі үшін жасалуы тиіс істермен қоса, қайрымдылық бағытындағы шараларды белсенді түрде атқарып келеді.

Қоғамдық қорда 150-нан астам отбасылық жағдайы төмен саналған отбасылар тіркелген.

Қор өзінің жұмысын қаржылай көмек көрсетіп отыратын демеушілермен, сондай- ақ қоғам игілігі үшін өз пайдасын тигізуді көздеп жүрген еріктілердің көмегімен жүзеге асырады.

 

“Атырау Рауан” қоғамдық қорының негізгі 6 жобасы бар.

Атап айтар болсақ:

  1. Мектепке жол
  2. Береке
  3. Қайырымдылық Жәрмеңкесі
  4. Ең керемет күн
  5. Саналы ұрпақ
  6. Милый дом

 

Қордың міндеттері:
Қайырымдылық және гуманитарлық шаралар ұйымдастыру, жетімдерге, жағдайы жоқтарға, мүгедектерге көмек көрсету;
Әлеуметтік жобалар әзірлеу;
Көрме, жәрмеңке, фестиваль, конкурс, конференциялар ұйымдастыру және тағы басқа.

Қор құжаттары

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің сайтынан сайтынан табуға болады

Жылдық есептеме документтері

2019
2018
2017
2016
2015
2014