22-ақпан күні қоғамдық қорымыздың  кезекті шарасы “Берекет” отбасылық мейрамханасында болып өтті.

Аталған шара аясында қаламыздағы бүгінгі күннің дертіне айналған ауыр науқастағы балалардың ата-аналарына психигологиялық семинар-тренинг жүргізілді.

Психолог Астана қаласынан келген Венера Телжан тренинг барысында аналарға психологиялық қолдау білдіріп, ұстамды болу және емделмейтін ауру жоқ, бәрін жеңуге болатынын еске салып өтті.

Шараға 20 жуық баланың анасы қатысты. Осынау шараға мұрындық болған қор ерікті апайларымызға және аналарға алғысымызды білдіреміз.