“Мектепке жол” жобасының мақсаты: қаламыздағы әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балаларына мектепке бару үшін, сөмкеден бастап барлығы 17 атаудан тұратын оқу-құрал жабдықтарымен қамтамасыз ету. Бұл шара барысында әр балаға кететін шығын 12 000 теңгені құрайды. Қор 2019 жылы 305 баланың оқуға қуанышты күйде баруларына жағдай жасап берді.