Қор туралы

«Атырау Рауан» қорының негізгі мақсаты қайырымдылық, әлеуметтік мәні бар жобаларды іске асыру және Қазақстан халқының, саналы ғұмыр кешіп, салауатты өмір салтының қалыптасуына үлес қосу болып табылады.

“Атырау Рауан” қоғамдық қоры 2014 жылы өзінің іргетасын қалады. Осы жылдар аралығында қор бүгінге дейін әлеуметтік мәні бар жобалармен қатар гуманитарлық бағытта және қоғам игілігі үшін жасалуы тиіс істермен қоса, қайрымдылық бағытындағы шараларды белсенді түрде атқарып келеді.

Қоғамдық қорда 110- нан астам отбасылық жағдайы төмен саналған отбасылар тіркелген. Қоғамдық қор өзінің жұмысын қаржылай көмек көрсетіп отыратын демеушілермен, сондай- ақ қоғам игілігі үшін пайдасын тигізуді көздеп жүрген еріктілердің көмегімен атқарады.

Қордың міндеттері:
Қайырымдылық және гуманитарлық шаралар ұйымдастыру, жетімдерге, жағдайы жоқтарға, мүгедектерге көмек көрсету;
Әлеуметтік жобалар әзірлеу;
Көрме, жәрмеңке, фестиваль, конкурс, конференциялар ұйымдастыру және тағы басқа.