Сұрақ-жауап

  • Әлеуметтік маңызы зор жобаларды іске асыру
  • Қайырымдылық және гуманитарлық шаралар ұйымдастыру, жетімдерге, жағдайы жоқтарға, мүгедектерге көмек көрсету

Бізбен бірге мұқтаж жанұяларға төмендегідей көмек түрлерін көрсете аласыз:

  • жетім балалар мен жағдайы төмен балаларға уақыт бөлу арқылы
  • қол күшіңізбен көмір, азық-түлік тарату арқылы
  • қорымызға ақшалай қайырымдылық жасау арқылы
  • Әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың тізімі жергілікті аудан, ауыл әкімшіліктерінен немесе жанұялардың өтініштері арқылы дайындалады. Содан кейін аталмыш тізімнің дұрыстығына көз жеткізу үшін оларға сауалнама жүргізіледі.
  • Сауалнама жанұялардың тұрмыстық жағдайы мен керекті заттарды анықтау үшін жүргізіледі. Сауалнама жағдайы төмен отбасыларды анықтау үшін қажет.
  • Қорымыздың 5 көмек көрсету жобасы бар: «Береке», «Мектепке жол», «Қайырымдылық Жәрмеңкесі», «Ең керемет күн», «Саналы ұрпақ». Толығырақ «Жобалар» тарауында біле аласыз. Осы 5 жобамызбен қор жағдайы төмен отбасыларға, жалғыз басты аналарға және жетім балаларға көмектеседі.
  • Қазіргі уақытта біз Атырау қаласы мен облысында көмек көрсетеміз.
  • Қорымызға 6 тәсілмен қайырымдылық жасай аласыз.
    1. Банк картасы арқылы
    2. «Мейірім конверті» арқылы
    3. Caspi терминалдары арқылы
    4. Қорымыздың кассасына
    5. Банк шотымызға
    6. Қайырымдылық жәшіктерімізге
  • “Қайырымдылық жасау” парақшасын қараңыз.
  • Игі іске атсалысуға ниетті жандарға қор қызметкерлері немесе еріктілер «Мейірім Конвертін» таратады. Конверттің ішінде мұқтаждығымыздың (ақша жинау себебіміздің) сипаттамасы түсіндіріледі. Сіз мүмкіндігіңізге қарай дұрыс деп тапқан мөлшердегі қаражатты конвертке салып, жапсырып, конвертті берген адамға қайтарасыз. Еріктілер конверттерді қор кеңсесіне алып келгеннен кейін қор комиссиясы арнайы белгіленген күні конверттерді ашып, конверт нөмірлеріне сәйкес жиналған қаражатты арнайы журналға тіркейді. Жиналған сома «Атырау Рауан» қоғамдық қоры есеп шотына аударылады. Қор жобамыздың әр кезеңін сайтымызда жариялап, іске асыру барысын қадағалайды. Жобамызды алаяқтардан қалай қорғаймыз?: Барлық кіріс-шығыс «Мейірім Конверттері» қорымыздың кеңсесінде қатаң тіркеуде болады. Әрбір конвертте жеке нөмірі (бұл номер арнайы талонымызда да болады) және қордың көк мөрі болады. «Мейірім Конвертін» тарататын адамдарға біз толық сенеміз. Егер қандайда бір күмәніңіз болса бізге қоңырау шалып, конвертіңіздің нөмерін айтып, қанша ақша келгенін біле аласыз. Конверттерді ашу кезіне қатысуға сіз ерікті бола аласыз.
  • Ерікті – мұқтаж адамдарға өз еркімен көмектескісі келген адам. Ерікті жеке көлігімен, уақытымен және күшімен көмектесе алады. Еріктілер өз еркімен көмек көрсетуге келгендіктен, оларға еш қандай айлық төленбейді.
  • Егер сіз төлем кезінде қателесіп, бізге басқа сома жіберіп қойсаңыз, уайымдамаңыз. Сіз әр уақытта қаражатыңызды банк-жіберушімен хабарласу арқылы қайтара аласыз. Банк сіздің өтінішіңіз бойынша сізбен жолығады. Содан кейін, ақшаңыз сізге кері қайтарылады.